Ұлттық құндылық тәрбиенің түп қазығы мәселесі және ұлттық құндылықты бала бойына сіңіріп өсіру қазіргі таңда басты мәселе екені барлығымызға мәлім. Бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеп жатқан ғаламтор болғандықтан ұлттық құндылығымызды жоғалтып алмас үшін әрдайым бала бойына өзіміздің ұлттық тәрбиені дәріптеп отырамыз. «Жас бала шыбық тәріздес, оны қалай иетін болсаң сол қалпы өсе береді», — деп айтпақшы, тәрбиенің берілетін балалық шақтағы маңызы зор. Ал балабақша мен отбасы тәрбиесінде ұлттық құндылықтарға қанық болып өскен баланың ұстанымы мықты болады. Отанның ұлы ұғым екенін ұғынып, елінің қорғанына айналады. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөздің негізі сонда болары анық. Рухани құндылықтарымызды бала тәрбиесінде санаға сіңіріп өсірсек өміріміздің мән мағынасы терең, мақсатымыз айқын, ұлттық болмысымыз жоғары, тарихи үлгі-өнеге тұтар озық ойлы ұрпақ тәрбиеленуі еш күмән тудырмайды .
Тәрбие еліміздің, ұлтымыздың бүгіні мен болашағы баянды болу үшін қажет. Сол себептен ұлтымыздың болашағын ойлай отырып балаларға балабақшада әрдайым ұлтымыздың салт-дәстүрін, тілін білетін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу – өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Ұлттық құндылыққа тәрбиелеу барысында мынандай мәселелерді бала бойына сіңіру керек үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеу мен ата-ананы әрдайым құрмет тұту, үлкендердің алдын кесіп өтпеу, үлкеннің сөзін бөлмеу және қонақ күтудің елеулі маңызы мен өсиет айту, терме, айтыс, шешендік сөздер, қазақ халқының поэзиясы, туыстық қарым-қатынастары, қонақжайлылық, тектілік сынды маңызды дүниелері жетерлік. Осы аталғандарды бала бойына дарытып өсірсек біздің болашағымыз жарқын кішіпейіл, данышпан, еліне адал қызымет ете білетін азаматтардың көп болатыны анық.
Егеменді еліміз өркендеп дамуы үшін біз озық ойлы ұлт ретінде халқымызды ыдырататын емес, керісінше біріктіретін жолды таңдап, тек қана алға дамуымыз керек. Жалпы ұлтымыздың құндылықтары бәрінен жоғары тұруы тиіс. Сол себептен балабақша тәрбиенің бастауы болғандықтан бала тәрбиесінде ұлттық құндылықты еліміздегі әрбір балабақша дәріптеп баланы ұлтжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеп өсірсе нұр үстіне нұр болар еді.
Жұлдыз НҰРЫМБЕТОВА,
«Улуғбек жол-2015» бөбекжай балабақшасының әдіскері.