2024-2025 оқу жылында Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының спортшылары «Ұлттық мектеп лига» спорттық жарыстары бойынша спорт түрлерінен көптеген толағай жетістікке жетті. Атап айтқанда, С.Сейфуллин атындағы №52 жалпы білім беретін мектептің 9-11 сынып ұлдар футбол (былғары доп) өңірлік кезеңінде жүлделі 1-ші орын алып,ал 5-6 сынып ұлдар гандбол (ұшқыр доп) жарысынан жүлделі 1орын алып жолдама алған болатын. Жетісай ауданында өткен аудандық кезеңде ойыншы ұлдарымыз мектептің намысын қорғады, өрнекті ойын көрсетті, мықтылар қатарынан орын алып,аймақтыққа жолдама алды. Спорттың гандбол жарысына ұлдарымызды дайындаған жаттықтырушы ұстаздарымыз Е.Сарыбаев пен А.Ахатов ал спорттың футбол жарысына дайындаған С.Данияров пен Е.Сарыбаевтың еңбегі орасан. Саналы тәрбие мен білім саласына айрықша еңбегі, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде адал қызметі үшін арнайы алғыс хаттармен мараппатталды.
Е.Сарыбаев,
С.Сейфуллин атындағы №52 ЖББМ дене шынықтыру пәнінің бірлестік жетекшісі.