Жуырда «Зиякул ана» бөбекжай балабақшасында Ашық есік күніне орай ұйымдастырылған іс-әрекеті аясында «Жауқазын» тобының балақайларына ұлттық ыдыстар түрлері таныстырылды.
Ертеңгіліктің мақсаты – балаларды ұлттық ыдыстардың атауларымен және олардың ас-су ішудегі қызметімен таныстыру, түрлі жаңа атаулармен сөздік қорларын молайту. «Үлкен-кіші», «биік-аласа», «шұңғыл-тәйпек» танымдық білімдерін жетілдіру. Іс-әрекет аясында тақпақ айтылып, тыйым сөздер түсіндірілді. Сондай-ақ, әртүрлі пішіндегі бауырсақтар, астау, қасықтар, келі, күбі, ожау, тегеш, оқтау-тақтай секілді ұлттық тағамдар мен ас ішуге қажетті ыдыс түрлерін өз көздерімен көріп, танысты.
Ертеңгілікке ата-аналар да келіп, бауыр еті баласының дүниетанымы мен өнерін тамашалады.
Шара барысында балалар шаттық шеңберін құрып:
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын алайық,
Таза ауаны жұтайық.
Жүрекке жылу салайық
Жиналған жылы шуақты
Анамызға сыйлайық,-деп сергіп алды.
Одан соң балақайларға жылдың күз мезгілі таныстырылып, желдің дауысымен әже келді.
Әже: «Сәлеметсіңдерме, балақайлар. Оййй, мен кешікпедім бе? Сендерге тәтті бауырсақ пісірген болатынмын, мына қатты жел болып, әрең жеттім, тіптен желдің қатты соққанынан ұшып кете жаздадым», -деп желдің қалай соғатынын көрсетіп балалардың ауыз қуыстарына арналған жаттығу арқылы түсіндірді.
Одан соң әже ұлттық тағамдарға арналған әрбір ыдыстардың қандай ерекшеліктері мен артықшылықтары болатынын әңгімелеп берді. Балалар әжесінің әртүрлі пішінде пісіріп алып келген бауырсақтарын рахмет айтып ауыз тиді.
Келесі кезекте балалар шеңбер бойлай тұрып, паравоз болып жүреді. Бұл ойынның атауы «Арқаны уқалау». Ойын шарты: балалар шеңбер болып жүре бір-бірінің арқаларын алақанмен сипай жүретін болады. Әрбір аялдамаға тоқтағанда бір жұмбақтың жауабын тауып отырады. Соңғы аялдама «Ыстық бауырсақ» аялдамасы. Балалар ыстық затты ұстағандай етіп екі алақандарын үрлейді.
Әже: «Оой, айналайындарым, рахмет сендерге, білімді екенсіңдер. Оубуй, тағы да жаңбыр нөсерлетейін деп тұрған сияқты. Киіз үйім су болып қалмаса болғаны. Ал, ендеше мен жаңбыр жауып кетпей тұрғанда үйіме жетіп алайын. Сау болыңдар!» -деп балалармен қоштасады.
Ойын соңында бүлдіршіндерден ыдыстардың қалай аталатыны, ыдыстар неден жасалынғаны, қандай ыдыстарға қандай тағам түрлері салынатыны жайында сұрап, жауаптарын балдай тәтті тілдерімен жеткізді.
Балалар айтқандарды бар ынтасымен тыңдағанын көрсетіп, ыдыстардың ағаштан, шыныдан, темірден жасалатынын айтып берді.
Ертеңгілік соңында балалар тағы да бой сергітіп, «Қара жорға» биін биледі. Әжейдің тәтті бауырсағын жеу үшін тапсырмаларды орындап, орталықтарға бөлінді (арнайы ыдыстан үш түрлі ою белгісімен бөлінетін болады).
Сары түс алған балалар қиылған ою түрлерін сүзгіден ұн елеп бейне шығарып, қызыл түс алған балалар ермексаздан шұңғыл кесе жасады, жасыл түс алған балалар үстел киіз үйге пішіндер орналастырды.
Шара балалар үшін өте қызықты да, пайдалы болды. Ертеңгілікке келген ата-аналар балаларының жетіліп келе жатқанына дән риза болып, алғысын білдірді.
Гүлзипа ЖАНКУЛОВА,
«Зиякул ана» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі.