«Жарқын болашақтың шамшырағы – жас маман» атты жас мамандар сайысы

10 қаңтар күні «25 жалпы білім беретін» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінде  жас мамандар арасында «Жарқын елдің шамшырағы — жас маман» тақырыбында мектепішілік сайыс өтті.  Сайысқа еңбек жолын енді ғана бастаған  Тарих пәнінің мұғалімі Исабеков Бағдаулет- тәлімгері Нұрымбетова Салтанат, Математика пәнінің мұғалімі Қазақбай Меруерт — Тәлімгері Үсенбекова Зина, Орыс тілі пәнінің мұғалімі Мырзақасым Келбет — тәлімгері Ералиеа Хафиза  мұғалімдеріміз және логапед маманымыз Танирберген Бағдаулет ағайымыз  тәлімгері Сарайбаева Райхан қатысты. Сайыстың мақсаты:  жас мамандарды жан-жақты тәрбиелік іс-шараларға, тағылымы мол әрекеттерге баулу, оларды іскерлікке, ізденімпаздыққа, тәлімгерімен қарым-қатынасын нығайтуға, өз кәсібін үлкен жауапкершілікпен қарауға, бар күш жігерін жұмсауға үйрету;

Сайыс 5-кезең бойынша өтті. Сайысты мектебіміздің директоры Г.Л. Утелбаева өзінің ақ тілегімен, сайыскерлерімізге сәттілік қадам тілей отырып ашып берді.

1-кезең Таныстыру. Бұл кезеңде жас мамандарымыз өздерін таныстырмас бұрын төртеуі бірігіп Квартет болып «Жас маман» әнін керемет орындап шықты. Таныстыру кезеңін сайыскерлеріміз әдемі өлең жолдарымен және жасанды интеллект бағдарламасымен әдемі таныстырып шықты.

2-кезең  Педагогикалық жағдаяттар. Бұл кезеңде сайыскерлеріміз өздеріне берілген ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, ойларын дәлелдей түсті.

3-кезең «Өз өнері» бұл кезеңде сайыскерлеріміз бірі ән айтып, бірі өз қолынан қара шаңырақ макетін жасап, бірі манолог оқыды.

4-кезең «Мамандығым-мақтанышым» бұл кезеңде сайыскерлеріміз панарамалық сабақ көрсетті.  Әр өткен сабақтарында қолданылған әдіс-тәсілдер мен сергіту сәттерін де қамтып бейнеролик жасап, көпшілік назарына ұсынды.

5-кезең «Тәлімгер мен жас маман үндестігі» бұл кезеңде жас мамандар өздерінің тәлімгерлерімен бірге ұяшықтан таңдап алынған суреттік пазлды құрастырып, ,ол шыққан суретке 1 шумақ өлең тауып, оқиды, артынан жас мамандарымыз тәлімгерлеріне ыстық ықыласын білдіріп, үлкен алғыстарын айтты.

Сайысқа жас мамандарымыз белсенді ынта мен  зор дайындықпен қатысты.  Сайыс соңында әділ-қазыларымыз, жас мамандарымыздың сайысын әділ бағалап, бірінен бірі кем түспеген соң бәріне достық қарым-қатынаста болсын деген ниетпен «Өнерлі ұстаз» «Білімді ұстаз», «Шебер ұстаз» «Креативті ұстаз» деген номинациялар және ынталандыру сыйлықтарын берді. Тәлімгерлеріне алғыс хат берілді.

Сайыс соңы көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, үлкен алғысымен жас мамандардың қадамдары құтты болып, талмай еңбектеніп, шәкірт жүрегіне жылулық берсін деген ниетпен, керемет көңіл күймен сайысымызды аяқтадық. Сайысты ұйымдастырған директордың орынбасарлары С. Тыныбеков пен Ғ. Рахметовке және ҚББП Н.Үметоваға және Х.Тойшибековаларға алғыс білдіреміз.

С.О.Тыныбеков,

Г.Н.Рахметов,

«№25 жалпы білім беретін мектеп» КММ ДОЖЖО.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *