ЖЕТІСАЙДА ЕГІС БАСТАЛЫП КЕТТІ

Еліміздің ең қиыр оңтүстігі саналатын Мырзашөл өңірі диқандары қаңтар айында-ақ егісті бастап жіберді. Атап айтар болсақ, ауданымыздағы Ынтымақ ауылдық округіне қарасты Дәуіт Сатымбеков жетекшілік ететін «Ибаш» шаруа қожалығы 4 гектар алқапта «Валикор» сортының 150 мың түп қырыққабат көшетін отырғызып үлгерді.

-Ерте, яғни 65 күнде пісіп-жетілетін «Валикор» сортының 150 мың дана көшетін арнайы тапсырыспен дайындаттық. Көшетті өндіруші де осы аудан диқандары. Қаңтар айының ашық күндерінде 100-ге жуық жұмысшы жалдап, көшеттерді отырғызып үлгердік. Суды үнемдеу және минералды тыңайтқыштарды бір жерден беру мақсатында тамшылатып суару әдісін қолданудамыз. Суару арнайы шлангылар алып төседік. Бір жерден насоспен су беріп отырамыз. Бұл біздің жұмысымызды жеңілдетумен қатар өнімділікті де арттырады. Көшеттерді 2 қабатты «Дуга» әдісімен үлбірмен жаптық. Енді ауа-райы қатты аяз болмаса өнім жоғары болады деп үміттенеміз,-дейді шаруа қожалық иесі Д.Сатымбеков.

Қашанда ерте қимылдаған бағадан да ұтары анық. Осынау қыстың көзі қырауда дала төсінде еңбек етіп жатқан диқандарға табыс тілейміз.

А.ТАСТАНБЕКОВ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *